АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясындағы әлем чемпионатының 14 қыркүйекте өтетін финалына қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.
Бұл жөнінен Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр. Олардың еншісінде сегіз-сегіз боксшыдан бар.
Атап айтсақ, Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.
Бразилиядан төрт былғары қолғап шебері алтынға таласса, Үндістан мен Польша - үш, Түркия, Аустралия мен Англия - үш, Франция, Моңғолия, Испания, Жапония, Болгария, АҚШ, Тайвань және Ирландия -бір боксшыға сенім артады.
Айта кетсек, қазірге дейін үш финалдық жекпе-жектің жеңімпазы анықталды. Онда Өзбекстан, Үндістан және Польша алтын медаль алды. Ал Үндістан, Польша, Болгария күміс жүлдегер болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.