Әлем чемпионатында қай елдің боксшылары жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалда қай елдің боксшылары көп жолдама алғаны белгілі болды.
Бұл жөнінен Өзбекстан құрамасы 9 боксшымен алда тұр. Одан кейінгі орында 8 боксшымен Қазақстан құрамасы келеді. Ал үздік үштікті түйіндеген Қытай құрамасынан 6 спортшы шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ жартылай финалда Бразилия мен Англия - 4, Ирландия, Түркия, Үндістан, Аустралия
- 3, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, Болгария - 2 боксшыға сенім білдіреді.
Ал АҚШ, Италия, Иордания, Хорватия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Франция, Колумбия, Канада, Венесуэла, Грузия - 1 былғары қолғап шеберіне сенім артады.
Ел құрамасынан 12 қыркүйекте Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) ширек финалда сынға түседі.
Еліміздің ерлер құрамасынан әзірге Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдер құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Елдана Талипова (80 келіден жоғары) жартылай финалда сынға түседі.
Сондай-ақ олардың қатарына Назым Қызайбай (48 келі) және Санжар Тәшкенбай (50 келі) толықтыруы мүмкін. Отандастарымыз 12 қыркүйекте ширек финал жекпе-жегін өткізеді.
Ел құрамасынан ерлерде Бейбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзат Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Элина Базарова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) ерте аяқтауға мәжбүр болды.