АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында тағы екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның бірі 82 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров болса, екіншісі 90 келіде өнер көрсеткен Әділжан Ыстыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір балуанымыз финалға шыққанын айтқан болатынбыз. Осылайша үш балуанымыз финалға шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.