АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол қарсыласын бар болғаны 29 секундта 8:0 есебімен ұтып ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ, отандасымыз осы әлем біріншілігіндегі қарсыласын ең жылдам ұтқан балуандардың бірі атанды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше әлем біріншілігінің алғашқы күні күрестің осы түрінен 71 келі салмақтағы балуанымыз Демеу Жадыраев күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені сыйлаған болатын. Ол финалда неміс балуанына 8:3 есебімен ұтылып қалды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.