Бүгін әйелдер күресінен төрт салмақта сайыстар өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 50, 53, 65, 76 келі салмақтарда сынға түседі.
Олардың қатарында еліміздің құрама сапынан Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Эшимова (53 келі), Елена Шалыгина (65 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) бар.
Қазақстандық әйелдер құрамасынан Жұлдыз Эшимова мен Елена Шалыгинаның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс.
2008 жылы әлем чемпионатында Жұлдыз Эшимова күміс алса, 2011 жылы қола жүлдегер атанған. Ал Елена Шалыгина 2007, 2009 жылдарда қолаға қол созса, 2010 жылы күміс медаль иегері атанды.
Сондай-ақ, бүгін Айдос Сұлтанғали (60 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.
Оған венгриялық Кристиана Кечкемети және американдық Илдар Хафизовтың бірі қарсылас атануы мүмкін. Нақты қарсыласы енді белгілі болады.
Ал Әлімхан Сыздыков (130 келі) жұбаныш белдесуінде әзербайжандық Сабах Салех Шариатимен кездессе, одан кейін грузиялық Якоб Каджаямен шеберлік байқасады.
Аталған екі қарсыласын жеңген жағдайда ол литвалық Мантас Княстауспен бозкілемге шығады.
Ел құрамасынан Марина Седнева (55 келі) жұбаныш белдесуінде алдымен түркиялық Эльвира Камалоглумен кездесіп, одан кейін қытайлық Менгу Симен тартысқа түседі.
Содан кейін жартылай финалдағы қарсыласы АҚШ спортшысы Жакарра Гвениша Винчестер болмақ.
Фото: instagram.com/kazakhstan__wrestling/