НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте әйелдер бозкілемге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін әйелдер күресінен төрт салмақта сайыстар өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 57, 59, 68, 72 келі санатында сынға түседі.
Олардың қатарында еліміздің құрама сапынан Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) және Жәмила Бақбергенова (72 келі) бар.
Бұған дейін еліміздің әйелдер құрамасынан Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Елена Шалыгина (65 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) сынға түсіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Еске салсақ, аталған әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлде алды. Аталған медальдан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 13-орынға жайғасты.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.