АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Лондон қаласында басталған әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Денис Тен қысқа бағдарламада екінші орын алды, деп жазады «Аламан».
Ал Абзал Рақымғалиев 28 орынды місе тұтып, техникалық бағдарлама жарысына өтпей қалды.
Әзірге бірінші орында канадалық Патрик Чан келе жатыр. Техникалық бағдарлама жұма күні өтеді. Тен еркін бағдарламада алғашқы сегіздікке енсе, жүлде алуы ғажап емес.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.