Әлем чемпионаты: Дмитрий Баландин жетінші орынға табан тіреді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық бәсеке аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰлттықОлимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, ақтық сынға жолдама алған қазақстандықДмитрий Баландин жетінші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 2минут 08.25 секундта жүзіп өтті.

200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионыатағын ресейлік Антон Чупков еншіледі. Ол әлем рекордын орнатып, 2:06.12 уақыткөрсеткішінде мәреге жетті. Күміс жүлдені австралиялық Мэтью Уилссон, қола медальді жапониялық ИппэйВатанабе жеңіп алды.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарынадайындықты енді бастады. Рио Олимпиадасының чемпионы Қазақстан ҰОК арнайыжобасы аясында әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның қоластында, АҚШ-тажаттығуда.

«Мен үшін әлем чемпионаты әлі аяқталған жоқ. Алда командалық эстафета бар.Біз Олимпиада ойындарына жолдама алуғатырысамыз. Жалпы алғанда, жекелей сындағы өз өнеріме көңілім толады. Жүзметрлік жарыста өз нәтижемді жақсартып, ел рекордын жаңарттым. 200 метрліксында бәрі мен ойлағандай болмады. Бірақкөңіл түсіретіндей жағдай емес. Мұнда аэробты дайындығым аздап жетіспей қалды.Десе де, нәтижем жаман емес. Оңай болған жоқ, әрине. Енді бапкермен біргежаттығуды жалғастырамыз. Жарыстың видеосын тамашалап, бәрін сараптаймыз. Солсараптама қорытындысы бойынша дайындықты ретке келтіру мақсаты тұр алда. Әлемчемпионатынан соң аздаған демалыс алып, Лос-Анджелеске, Дэйв Салоға қайтаораламыз. Дэйв әлем чемпионатында бізге бағыт беріп, әрбір жарыстан соң өзақыл-кеңесімен бөлісті. Сол үшін көп рахмет»,- деді Баландин.

Соңғы жаңалықтар