НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 15 қыркүйекте Азамат Дәулетбеков еркін күрестен финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік додада 86 келі салмақта сынға түсіп жатқан Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде кубалық Юриески Кералтудың осал тұсын тапты. Одан кейін испаниялық Таймураз Наскидаевтан басым түсті.
Жартылай финалда АҚШ спортшысы Давид Тейлорға жол беріп қойды.
Енді ол 3-орын үшін сайысқа түседі. Бұл белдесу 16 қыркүйекте болады.
Азамат Дәулетбеков 1994 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Бұған дейін Азия чемпионатында 2022 жылы алтын алса, 2018 жылы күміс, 2017 жылы қола жүлде алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) финалға жолдама алды. Финалдық белдесу бүгін өткізіледі.
Сондай-ақ, грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлдегер атанды.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.