Әлем чемпионаты: Қазақстан - Швеция 0:2

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирлері аясында Швециямен кездескен Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Швецияның Мальма қаласында өткен ойынның алғашқы кезеңінде қарсыластар бізге бір гол салса, екінші таймның соңғы минуттарында қақпашымыздан айласын асырып, екінші допты торда тағы тулатты. Есеп 0:2. Бұл матчта қазақстандық футболшылардың белсенділігі байқалмады. Олардың есе қайтаруға бірнеше мүмкіндіктері де болды. Бірақ  сәтті пайдалана алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Ирландия командасымен кездескен Қазақстан футболшылары 1:2 есебімен ұтылған болатын