ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген екі қазақстандық спортшының алдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдымен 9 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді.
Одан кейін 10 мамырда Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті.
Енді В.Хальзова жарыстың алдағы сатысында Оңтүстік Кореядан келген Суджин Сеонмен жекпе-жекке шығады.
Ал А.Балқыбекованың ендігі қарсыласы – сербиялық Снежана Силикович.
Еске салсақ, бүгін бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық қыз рингке шығады.
Ыстанбұлдағы әлемдік дода 9 мамырда басталған болатын. Финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.