69 келіден жоғары салмақ санаты бойынша «А» тобындағы қыздар арасында жарыс аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ақмолалық зілтемірші Татьяна Капуcтина жеңімпаз атанды. Екі жаттығу жиынтығы бойынша 243 салмақты бағындырған оның нәтижесі 110 жұлқа көтеру 133 серпе көтеру болды. Айта кетейік, аталмыш додаға әлемнің әр түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
05:35, 13 Сәуір 2015
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина алтын медаль еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу астанасы Лима қаласында өткен 18 жасқа толмаған спортшылар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина алтын медаль еншіледі.