Әлем чемпионаты: Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қытайлық Лу Сяоцзюнь ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальді еншіледі. Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан спорт додасында ол 2012 жылғы Олимпиадада өзі жасаған рекордты жаңартты.

Лу Сяоцзюнь 77 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың нәтижесі бойынша 380 келі (176 204) зіл темірді көтерді. Осылайша, Олимпиада рекордын 1 келіге жаңартты. Екінші орын 359 келі (163 196) нәтижесімен КХДР өкілі Ким Кванг Сонгуға тиді. Ал өзбекстандық Ұлықбек Әлімов 355 келіні (158 197) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.

Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты қазанның 27 күні аяқталады.