Төртінші алтынға таласқан 60 келі салмақта кубалық Лазаро Альварес пен франциялық Софиан Умиа таласқан болатын. Аса тартысты өткен айқастың қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан франциялық Софиан Умианы жеңімпаз деп тапты.
Айта кетейік 49 және 52 келі салмақтың алтыны Куба боксшыларына бұйырса, 56 келі салмақтың алтыны қазақ боксшысының қанжығасына байланған болатын. Міне, төртінші алтын франциялықтарға бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік, алда әлі екі боксшымыз алтынға таласады. Олар - 75 келі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев.