Лондонда әлем чемпионатында Болт екі америкалық жүйрікке есе жіберіп, "қола" иеленді.
Бірінші болып америкалық олимпиада чемпионы Джастин Гэтлин (9,92 секундта) мәре сызығын қиды. Екінші - Кристиан Коулмэн (9,94 секундта). Ал Усэйн Болт қашықтықты небәрі 9,95 секундта еңсерді.
Джастин Гэтлин Афиныда 2004 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткен болатын, содан кейін ұзақ уақыт допинг үшін жарыстан шеттетілді. Қазір жасы 35-те.