Әлем чемпионатында бақ сынайтын барлық қазақстандық боксшылар жарысты 1/16 финалдан бастайды

None
АЛМАТЫ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында бақ сынайтын Берік Әбдірахманов (60 кг) пен Мерей Ақшаловтың (64 кг) қарсыластары белгілі болады. 1/16 финалда Берік пуэрто риколық Даниелито де ла Роза мен грузиялық Гиорги Гогатишвили арасындағы 1/32 финалдың жеңімпазымен кездеспек. Ал Мерейдің қарсыласы шотландиялық Жош Тайлор мен тринидадтық Акиел Оутрам арасындағы кездесудің үздігі болмақ.

Ертең енді Біржан Жақыпов (49 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетовтің (81 кг) қарсыластары анықталады. Бұған дейін жарыстың алғашқы күні Ілияс Сүлейменов (52 кг) пен Антон Пиншоктың (91 кг) 1/16 финалдағы жұптастары белгілі болған еді. Нақтырақ айтқанда, бейсенбі күні Ілияс австриялық Андреу Молонеймен, Антон венгриялық Имре Сцелломен күш сынасатын болады.