ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) үндістандық Ниту Нитумен жекпе-жек өткізді.
Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді.
Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетсек, жарыстың аталған сатысына жеткен боксшы кем дегенде қола медальге қол жеткізеді.
Енді ел құрамасынан Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалда сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.