АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық бауандар еркін күрестен екі қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионатында Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен Самир Дурсунов (92 келі) үздік үштіктен көрінді.
Қола жүлде үшін болған белдесуде екеуі де үнді балуандарынан басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі.
Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.
Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді халықаралық жарыста күміс жүлдегері атанды.
Сурет - Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.