21:05, 15 Қыркүйек 2013
Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 2 алтын 1 күміс және 5 қола медаль олжалады
АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Украинаның Киев қаласында 7-15 қыркүйек күндері бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті.
Он үш салмақ дәрежесі бойынша болған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын 1 күміс және 5 қола медаль түсті. Атап айтқанда, Абылайхан Жүсіпов (57 кг) ресейлік Гесеин Магомедовты, Рахат Маржықпаев әзірбайжандық Ровшан Мусаевты ұтып, Әлем чемпионы атанды. Ал ақтық сында тек жарыс қожайыны Рамил Гаджиевке есе жіберген Қадырбек Сәдірбек (70 кг) күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұған дейін жартылай финалда Дмитрий Зиско ( 80 кг) ресейлік Рустам Ибрайхалиевке, Бауыржан Темірхан (52 кг) мен Серік Теміржанов (48 кг), американдық Шакур Стевенсон мен Даниел Гонзалезке, Стоян Мазур (50 кг) мен Әлімжан Бескемпір (46 кг), кубалық Майкел Барреро мен Жохнис Перезке ұтылып, қола жүлделерді олжалаған еді.