Әлем чемпионатында жағымсыз шу естілмейтін болады

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Келер жылғы әлем чемпионатында футбол жанкүйерлері қолданатын каширола аспабының дауысы құлаққа қауіпсіз. Бразилияның Санта-Мария федералдық университетінің ғалымдары кашироланың вувузеладан артықшылығын анықтады, деп хабарлады alashainasy.kz.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, зерттеудің нәтижесінде бразилия­лықтардың ұлттық музыкалық аспабы үнінің вувузелаға қарағанда 45 децибелге тыныш екені белгілі болды. Ғалымдар каширола ұстаған жанкүйерлерге толы стадионның үшөлшемді компьютерлік моделін жасап, аспаптың әр жерден жарыса шығатын даусының есту қабілетіне қалай әсер ететінін және бір тексерді. Дыбыс қаттылығы құлаққа зиянын тигізбейтін болып шықты. 2010 жылғы әлем чемпионаты кезінде оңтүстікафрикалық вуву­зела аспабының даусына қатысты көп шағым айтылған еді. Бұдан соң оны футбол сайыстарында қолда­нуға тыйым салынды. Биыл Бра­зилия билігі жанкүйерлерге вуву­зела орнына каширола аспабын қолдануды ұсынды. Вувузела ысқы­рық болса, каширола - соқпалы сыңғырлақ аспап. Әлем чемпиона­ты бұл елде келер жылы 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.