Әлем чемпионатындағы еркін күресшілердің соңғы үміті енді Ақжүрек Таңатаровқа артылады

АЛМАТЫ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 2 күні де қазақстандық еркін күресшілер үшін сәтсіз аяқталды.


Расул Қалиев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (66 кг), Таймураз Тагиев (96 кг), Дәулет Ниязбеков (60 кг), Аслан Кахидзе (84 кг), Дәулет Шабанбай (120 кг) үздіктер қатарына іліне алмады.
Бүгін енді Руслан Өміралиев баптайтын еркін күресшілер құрамасының соңғы үміті Ақжүрек Таңатаровқа (74 кг) артылып отыр. Бұл күні сондай-ақ әйелдер күресінен Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да өз бақтарын сынайтын болады.
Ал ертең Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) жарыс көрігін қыздыруға тырысады.