Әлем чемпионатының ақтық сынында рингке алты қазақстандық шығады

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әлем чемпионатының ақтық кездесулері өтеді. Қазақстанды финалда алты боксшы таныстырады, деп хабарлады Sports.kz.

Біржан Жақыпов (49 келі) рингке алжирлік Мохаме Флиссимен шығады. Мерей Ақшалов (64 келі) «алтын» жүлде үшін кубалық боксшы Ясниер Лопеспен кездеседі. Данияр Елеусінов (69 келі) те осы аралдың басқа өкілі Ариснойдис Диспейнмен сынға түседі. Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) ирландиялық Джейнсон Куиглимен, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) финалда бірінші орын үшін кубалық боксшы Хулио ла Круспен кездеседі. Ал ауыр салмақтағы Иван Дычконы (91 келі) әзірбайжандық Магомедрасулұлы Меджидовпен кездесу күтіп тұр.

Ақтық сын 14:00-де басталады.