Алғашқы 2 кездесудің қорытындысы бойынша мүмкін болған ең жоғарғы 6 ұпайды толық өз қоржынына салған Қазақстан мен Қытай құрамалары бүгін өзара күш сынасуда. Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтар сенбі күні оңтүстік кореялықтарды 3:1 (21:25, 25:22, 25:17, 25:14), жексенбіде жаңазеландиялықтарды 3:0 (25-12, 25-14, 25-7) есебімен ұтты. Ал қытайлықтар жұмада үндістандықтарды (7-25, 8-25, 10-25), сенбіде жаңазеландиялықтарлы (25-4, 25-7, 25-7) 3:0 есебімен жеңген болатын. Ал 6 ұпаймен үшінші орында келе жатқан оңтүстіккореялықтардың олардан бір ойыны артық. Олар үндістандықтарды 3:0 (25-15, 25-19, 25-18), жаңа зеландиялықтарды 3:0 (25:9, 25:8, 25:10) есебімен қапы қалдырды. Бүгін жаңазеландиялықтарды 3:0 (25:18, 25:13, 25:15) есебімен жеңіп 3 ұпайға ие болған үндістандықтар төртінші орынға көтерілді.
Жалпы 1 қазанға дейін созылатын бұл жарыста үздік шыққан 2 команда Әлем чемпионатының жолдамасын иеленеді. Қазақстандықтар ақырғы ойынын үндістандықтармен, ал жарыс қожайындары оңтүстіккореялықтармен өткізетін болады.