Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Артем Антропов серпе және қоссайыста рекорд жаңартып, жеке дара көш бастаса, қола жүлде мен 4-орын арасындағы айырмашылық 1 келі ғана болды.
Артем Антропов (Қарағанды обл) - 405 келі (175 230)
Матвей Макрушин (Жетісу обл) - 350 келі (155 195)
Темірлан Окашев (ШҚО) - 347 келі (150 197)
4-орын. Данил Бетехтин (Жетісу обл) - 346 келі (151 195) «
- Бүгінгі өнерімді -4-ке бағалаймын. Өйткені бұдан да жоғары көрсеткіш тіркей аламын. Оны бүгін дәлелдедім. Ақырындап 110 келіге бейімделіп келе жатырмын. Салыстырмалы түрде Ислам ойындарынан қарағанда алға жылжушылық бар. Бұйырса Азия ойындарына дейін жаттығуымды күшейтемін, - деді Артем Антропов.
2025 жылдағы Қазақстан чемпионатының көрсеткіші:
1. Артём Антропов (Қарағанды обл) - 380 келі (160 220).
2. Матвей Макрушин (Жетісу обл) - 336 кг (150 186).
3. Темірлан Окашев (ШҚО) - 327 келі (140 187).
Айта кетейік, PGL Astana 2026 турнирінің финалдық кезеңі өтіп жатыр.