-55 кг салмақта сынға түсетін қазақ спортшысы Исхар Құрбаев 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Ихтиёр Ботировты жеңді.
-60 кг салмақта қазіргі әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали 1/8 айналымда ресейлік Анвар Аллахьяровты ұтты. Есеп: 4-3.
Қазір ширек финалға шыққан отандастарымыздың саны үшеу. Олар: Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулетқанов.
Бұған дейін Азия Пара ойындарында Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.