Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.
Қажымұқан Мұнайтпасов — француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткізілетін классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырымен өскелең ұрпақ танысу керек, білу керек, ұлықтау әрі үлгі алу керек деген ниетпен үлкен экранда жарқ етпек.