«Алау» ұйымдастырып отырған марафон - Қазақстан чемпионы атағымен бірге ақшалай жүлдеге ие болуға мүмкіндік беретін жалғыз жарыс. Ағымдағы жылы бірінші жүлдені ұтып алған спортшыға 450 мың теңге беріледі.
Марафонмен Қазақстан Республикасының ІІІ спартакиадасы аяқталады.
«Alau Ice Marathon-2013» марафонына әлем чемпионы Денис Кузин де қатысып, жеке жүлделер үшін және Қостанай облысының командасы сапында жарыс жолына шығады.