Әлем чемпионы, қазақстандық Иса Ақбербаев келесі ұрысын 1 маусымда Мәскеуде өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық IBO Intercontinental (11-0, 7 КО) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағының иегері Иса Ақбербаев келесі айқасын Мәскеуде кениялық боксшымен өткізеді.

Бұл жекпе-жек Мытищи спорт аренасында Чудинов-Нильсен бокс кеші ауқымында болады. Оның 8 раундтық ауыр салмақтағы ұрысындағы қарсыласы кениялық боксшы болмақ. Бұл сайыс «KazSport» телеарнасынан көрсетіледі.

Бұл кештегі ұрыстар кәсіби бокс саласындағы «THE GOLDEN GLOVES-2: BLACKENERGY» ІІ жылсайынғы халықаралық сыйлық ауқымында өтеді, оған белгілі спорт промоутері Владимир Хрюнов және Маик Тайсонның BLACK ENERGY бренді бастамашы болды.

Шараға Эвандер Холифилд және Костя Цзе сияқты аңызға айналған спортшылар, сондай-ақ бокстан қазіргі чемпиондар, кәсіби федерацияның таңдаулы шеберлері, ресей жұлдыздары және саяси және бизнес-элита өкілдері қатысады.

ҚазАқпарат анықтамасы:

Иса Бақытжанұлы Ақбербаев - қазақстандық 90,892 келіге дейінгі бірінші ауыр салмақтағы кәсіби боксшы. 1983 жылы 11 мамырда Қостанайда туған. 2009 жылғы 19 тамызда алғаш рет кәсіби рингке шықты, содан бері 11 ұрыс өткізді, оның барлығында жеңіп, жетеуінде нокаутқа жіберіп, жеңіске ие болды.