ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістанды түлеткен» атты жыл қорытындысына арналған іс шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға пәтер кілтін табыс етті. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан. «Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - дейді Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Сәкен Бибосынов өміріндегі жақсы жаңалықтар жайында біздің агенттікке
сұхбат берген болатын.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.