Бұл жайлы жұма, 23 қыркүйек күні «Спорт-Экспресс» жазды.
«Рингке шығасың - оны саясат шешеді. Риода не болғанын көрдіңіздер ғой. Дәл сондай жағдай! Біздің бокс сыбайлас жемқорлық ордасына айналған», - деп санайды Ковалев.
Сондай-ақ 33 жастағы ресейлік Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы әуесқой боксшылар жарысы жайлы да ойын білдірді. «Айқаста басқа біреу жеңеді де, жеңісті жеңілгенге береді. Лондонда да, Бейжіңде де солай болды. Кім қанша медаль алатыны, бәрі алдын ала шешілген», - деді спортшы.
Айта кетсек, шілдеде Ковалев судьяның бірауызды шешімімен малавилік Айзек Чилембуды жеңіп, WBO, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын қорғаған болатын.