Хатухов біраз жүгіргеннен кейін пойыздар сирек жүретін темір жол бойындағы рельсте жаттығу жасайды. Үстіне спорттық киім киіп, құлағына құлаққап тағып музыка тыңдаған ол жақындап қалған пойызды байқамаған.
Алған жарақатынан чемпион оқиға орнында жан тапсырды. Қазір полиция болған жағдайға байланысты тергеу жүргізуде.
Спортшы самбодан Ресей және әлем чемпионы, панкратионнан әлем чемпионы, қол күресінен Ресей чемпионы, Ресейдің әскери қол күресінде де топ жарды, сонымен бірге ол ADCC жүйесі бойынша бірнеше рет жеңімпаз атанды.