Әлем елдері Жаңа жылды қалай қарсы алды -ФОТО

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем елдері жаңа 2022 жылды пандемия жағдайында қарсы алуда. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жылды алғашқылардың бірі болып аустралиялықтар қарсы алды. Сидней айлағының аспанында отшашу болды. Аустралияда антивирустық шектеулер жалғасуда, салютты тамашалауға барлығы 17 мың адам жиналды.

Аустралиядағы шектеулер жаңа жыл түні Сиднейдегі Myer Music Bowl стадионында концерт өткізуге кедергі болмады.

Ресейде Қиыр Шығыста жаңа жыл басталды. Суретте – Владивостоктағы отшашу.

Сеул тұрғындары үшін лазерлік шоу ұйымдастырылды. Проекторлар 123 қабаттық Lotte World Tower ғимаратына орнатылды.

Жапонияның Камакура қаласында жергілікті ғибадатхана алдында жаңа жыл түні елге және әлемге пандемиямен күресте сәттілік тілеу мақсатымен 6 500 майшам жағылды.

Токионың Канда Мёдзин ғибадатханасындағы жаңа жылдық дұға оқу.

Жапонияда енгізілген шектеулерге қарамастан, дәстүрлі жаңа жылдық дұға оқуға синтоистік ғибадатханаға көп адам келді.

Кемеревода тұрғындар ескі жылды шығарып салуға Кеңестер Алаңына шықты.

Бангкокте жаңа жыл түні Чаупхрая өзенінің аспанында әсерлі отшашу жасалды.

Якутск. Әйел -46 градуста жаңа жылды Ленин Алаңында қарсы алуда.

Аяздан Якутск көшелерінде адам көп болмады.

Тағы бір Ленин алаңы, бұл жолы Новосібірдегі. Ауа температурасы бар болғаны – - 21 градус, сол себепті мұнда Якутскіге қарағанда, шараға келушілер көп.

Маниладағы Кесон мемориалдық шеңберінде басты қалалық салют жасалды.

Мәскеудегі Құтқарушы Христің Храмы жаңа жылға орай безендірілді.