Халық санының өсімі келесі ғасырдың басына дейін жалғаспақ. БҰҰ мен Вашингтон университетінің ғалымдарының мәліметі осындай. Бұл уақытта Жер тұрғындарының саны 11 млрд. адамға жетіп жығылады. Бұл бұрынғы жорамалдан 2 млрд. адамға кем.
Ғалымдардың пікірінше, Африка құрлығында демографиялық өсім күрт жоғарылап, халық саны 1 миллиардтан 4 миллиардқа дейін өседі.
Қазір африкалықтар арасында бала туу көрсеткіші өте жоғары, әр отбасында орта есеппен 4-6 баладан бар. Азия халқының саны 5 миллиардқа дейін жетіп, кейін азая бастайды. Ал Жердің өзге құрлықтарындағы тұрғындар саны тұрақты сақталады деп болжануда.