Pew сарапшыларының деректері бойынша, әлемде 1,57 млрд. мұсылман бар, олардың 60 пайызы Азия елдерінде тұратын көрінеді.
ҚазАқпараттың Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, зерттеу жүргізуге үш жыл жұмсалған; мамандар 232 ел мен аумақта тұратын халықтың хат-хабар алмасу, демографиялық зерттеулер мен қоғамдық пікір сауалдамаларын ескерген.
Ресейде мұсылмандар Иордания мен Ливияны қоса алғанда көп тұрады, Германияда Ливияға қарағанда исламды ұстанушылар басым болып шықты.
Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде мұсылмандардың 20 пайызы тұрады.
Зерттеуді құраушылардың бірі Брайан Гримнің айтуынша жұмыс нәтижелері оны таңғалдырған: «Жалпы алғанда, мұсылмандардың саны күткендегіден көп болып шықты».
Аса ірі мұсылман елдері
- 1. Индонезияда - 203 млн. адам
- 2. Пәкістанда - 174 млн. адам
- 3. Үндістанда - 161 млн. адам
- 4. Бангладеште - 145 млн. адам
- 5. Египетте - 79 млн. адам.