Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова күміс жүлдегер атанды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс медаль алды.

Ол ақтық сайыста финляндиялық Пихла Кайво-Оямен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында боксшылар бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты.

Нәтижесінде Алуа қарсыласына есе жіберіп, әлем кубогында күміс жүлдегер атанды.

Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Ол 2025 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алды. 2021, 2022 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Енді кешкі сессияда финалда Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.