Әлем кубогы: Елдана Тәліпова жартылай финалға шықты

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде финалға жолдама алды. 

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы турнирді бірден жартылай финалдан бастады.

Тәліпованың алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоева болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Елдана Тәліпова жеңіске жетті.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Әлем кубогының финалына шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы әлем кубогында Сабыржан Аққалықов канадалық боксшыдан басым түскен болатын.