АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан Гүлсая Ержан (80 келі) жарыс жолын аяқтады.
Гүлсая Ержан әлем кубогындағы бірінші жекпе-жегінде 2 дүркін Азия чемпионы, үндістандық Пужа Ранимен кездесті. Жекпе-жек барысында қарсыласы басымдықты танытты. Ал Гүлсая жарыс жолын ертерек аяқтады.
Ол Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 2022 жылы құрлықтық додада жеңімпаз атанды. Ал Сербияда өткен халықаралық турнирде күміс медаль алды.
Қазірге дейін ел құрамасынн бүгін, 2 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) жарыс жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ ерлерде Санжар Ташкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі), Аида Абикеева (65 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындык Тоғамбай ( 90 келі) сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.