Әлем кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасынан үш боксшы жарысты жалғастырады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 4 шілдеде әйелдер құрамасынан үш боксшы жарысты жалғастыратын болды.
Алдымен ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі) әлем кубогіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы ол жапондық Юно Нишинакамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек нәтижесі бойынша 5:0 есебімен Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды.
Аида Әбікеева (65 келі) Оңтүстік Корея боксшысы Сукйонг Кангты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз жекпе-жек бастала салып-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп үлгерді.
Сондай-ақ Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) збекстандық Олтиной Сотимбаевамен кездесті.
Қос боксшы бұған дейін 2024 жылы Азия чемпионаты мен 2025 жылы Әлем чемпионатында жолыққан еді. Екеуінде де жерлесіміз басым түскен. Бұл жолы да сол сәттілік сериясын жалғастырып, қарсыласын қапы қалдырды. Елдана енді финалда сынға түседі.
Енді ел құрамасынан ширек финалда Ертуған Зейнуллинов (65 келі) франциялық Хюго Граумен, Сағындық Тоғамбай (90 келі) түркиялық Емра Ясармен шеберлік байқасады.
Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.
Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.
Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.