АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан гимнастикадан әлем кубогында қазақстандық Милад Карими күміс медаль алды.
Еркін жаттығу сайысында ол 14,300 ұпай жинады. Бұл екінші орын алуға мүмкіндік берді.
Сайыс барысында беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.
Енді Милад кермедегі жаттығудың финалына қатысады.
Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылы ол әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола медаль алды. Ал Азия чемпионатында бір мәрте чемпион атанса, үш мәрте күміс, төрт мәрте қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Жазғы универсиада бір алтын, екі күміс, бір қола алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.