Әлем кубогы: Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Фото: Қазақстан ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында қазақстандық Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолын жалғастырады.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Панамерика ойындарының чемпионы, бразилиялық Вивиана Дос Сантос Перейрамен жекпе-жек өткізді. Қос боксшы бұған дейін 2021 жылы «Странджа» турнирінде жұдырықтасқан. Нәтижесінде Надежда екінші рет бразиялық Вивиана Дос Сантос Перейрадан басым түсті.

Бразилиялық боксшы отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Есеп 4:1.
Қазірге дейін әйелдерде Анель Сакыш (54 келі) өзбекстандық Феруза Казаковаға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ енді ел құрамасынан Серік Теміржанов (60 келіі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, 30 маусымда Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) қарсыластарын қапы қалдырды.