Әлем кубогы: Назым Қызайбай өзбек боксшысын жарыстан шығарды
14:22, 02 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына өтті.
48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз өзбекстандық Азия ойындарының чемпионы Фарзона Фозиловамен жекпе-жек өткізді.
Бокс федерациясы мәліметінше, жекпе-жек басталған сәттен-ақ Назым қарсыласын қыспаққа алып, үнемі шабуылдап отырды. Ол өз тактикалық және техникалық артықшылықтарын тиімді пайдаланып, Фозиловаға еш мүмкіндік бермеді.
Үш раунд бойы толық басымдық көрсеткен Қызайбай төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық 9 боксшы шаршы алаңға шығады.