Әлем кубогы: Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы бокстан әлем кубогында қазақстандық Серік Теміржанов (60 келі) ширек финалға шықты.

Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Оның қарсыласы аустралиялық Якоб Кассар. Якоб Кассар 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ал Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2022 Азия чемпионатында да күміс жүлдеге ие болған.

Қазірге дейін әйелдерде Анель Сакыш (54 келі) өзбекстандық Феруза Казаковаға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ енді ел құрамасынан Серік Теміржанов (60 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, 30 маусымда Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Надежда Рябец (75 келі) қарсыластарын қапы қалдырды.