АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті.
Бұл жолы Дмитрий Патанин екінші орын алды. Гимнастшы қоссырықтағы жарыста төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Осылайша екінші орынға табан тіреді.
Аталған сайыста жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) чемпион атанса, үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем кубогында қазақстандық Милад Карими күміс медаль алды.
Еркін жаттығу сайысында ол 14,300 ұпай жинады. Бұл екінші орын алуға мүмкіндік берді.
Сайыс барысында беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.