Алдыңғы жағында «Victory» (Жеңіс) және «Vuitton» дегенді білдіретін алтын V әрпі ойып жазылған, сонымен қатар брендтің қолтаңбалық монограммасы және алтын жалатылған жез қорғаныштары бар.
Негізі қоңыр-сарғыш түсті былғарыдан жасалған және Louis Vuitton мен FIFA серіктестігін еске түсіретін жазбамен безендірілген.
Бұл француз компаниясының кубок чемоданын бесінші рет жасап жатқаны, оны бұрын 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы турнирлерде көрсеткен. Louis Vuitton сонымен қатар Формула-1-мен 10 жылдық келісімшарт аясында ірі жарыс жолдарына арналған сәнді арнайы кубок чемодандарын жасап шығарды.
Еске салайық, бұған дейін Испания мен Аргентина арасындағы матчты қашан және қайдан көруге болатынын хабарлағанбыз.