Әлем кубогы: Виктория Графеева алтын жүлде еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, Әлем кубогын иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Olympic.kz

Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келідегі Виктория Графеева финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Лин Юй-Тинмен (Тайпей) кездесті.

Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кеткенімен, отандасымыз соңғы секундқа дейін жеңіс үшін талпынып, 3:2 есебімен басым түсті.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал. Ситора Турдибекова (Әлем чемпионатының жүлдегері) — 4:1

¼ финал. Иеонжи Ох — 5:0

Осыған дейін хабарланғандай, Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды.