Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келіде фаворит саналатын Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Иеонжи Охқа еш мүмкіндік бермеді.
Алғашқы раундта төрешілер қарсыластың белсенділігін жоғары бағалағанымен, қалған уақытта жерлесіміз жекпе-жектің бағытын өзгертіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын 60 келі салмақта Бразилиядағы әлем кубогының финалында бақ сынаған Виктория Графеева жарыс жеңімпазы атанып, алтын жүлдені ел қоржынына салды.