АСТАНА. KAZINFORM - Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.
Грузия астанасы Тбилисиде 24-25 наурыз аралығында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан әлем кубогы сарапқа салынды. Дүбірлі додада 19 елден 120-дан астам татами шеберлері бақ сынасты.
Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Ақмарал Науатбек (J2 48 келі) пен Альфия Тлекқабыл (J1 52 келі) жеңімпаз атанды. Ал Ғалымжан Смағұлұлы (J2 81 кг) күміс медальға ие болды.
25 наурызда Ерлан Өтепов (J1 95 келі), Талғат Ажғалиев(J2 95 келі), Бағланбек Оңалбек (J1 95 келі) пен Абылай Әділбеков (J1 95 келіден жоғары) сынға түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын парадзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Prix турнирінде топ жарды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.