Қазақстанның биатлоншылар одағының мәліметінше, аталған жарыста қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев 100 спортшының арасынан үздік отыздыққа енді.
Александр мәреге 16-шы болып жетті. Ол жеңімпаздан 1:06.8 уақытқа қалып қойды. Деседе бұл нәтиже оның жеке жетістігіндегі ең үздік көрсеткіші.
Екінші атлетіміз Владислав Киреев мәре сызығын 29-шы болып кесіп өтті. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, 1:44.6 уақыттан кейін үздіктер қатарына енді.
Осы жарыста ұлттық құрама сапында Асет Дюсенов те өнер көрсетті. Ол 71-ші болып, жеңімпаздан 3:07.9 уақыттан кейін жарысты аяқтады.
Алғашқы болып жеңіс тұғырына неміс спортшысы Бенедикт Долл (24:12.2) жетті. Екінші орынға норвегиялық спортшы Стурла Легрейд ( 1.8), үшінші орынға тағы бір норвегиялық спортшы Эндре Стремсхайм жайғасты( 5.4).