Жарыстың екінші күні әйелдер арасында 7.5 шақырым және ерлер арасында 10 шақырымдық спринт сайыстары өтті.
Әйелдер арасында ел намысын қорғаған Галина Вишневская 25-ші орынға, Алина Райкова мәреге 31-ші орынға ие болды. Ал Дарья Климина сайысты 64-ші орынмен аяқтаса, Елизавета Бельченко 88-ші орынға табан тіреді.
Бұл сайыста бас жүлдені беларусьтік биатлоншы Дарья Домрачева жеңіп алса, күміс жүлдеге германиялық Франциска Хильдебранд қол жеткізді. Үздік үштікке италиялық Лиза Виттоцци ие болды.
Ал ерлер арасында өткен 10 шақырымдық спринт сайысында отандастарымыз арасында ең жоғары нәтижені Владислав Витенко көрсетті - 47-ші орын. Роман Еремин сайысты 54-ші орында аяқтады. Василий Подкорытов пен Максим Браун 90-шы және 95-ші орында жайғасты.
Ерлер арасында бас жүлдені ресейлік Антон Шипулин жеңіп алса, екінші орынды латвиялық Андрей Расторгуев иеленді. Ал үздік үштікті франциялық Кентен Фийон-Майе түйіндеді.
Ал, бүгін 10 наурыз күні сағат 12:40-та арплас эстафета (супермикст) жарысы басталса, 11 наурыз күні 12:30-да ерлер арасында 15 шақырым, масс-старт жарысы, 15:10-да әйелдер 12.5 шақырымдық масс-старт сайысында өнер көрсетеді.
09:28, 10 Наурыз 2018
Әлем кубогы кезеңі: Спринт сайысында жерлестеріміз жүлдесіз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогының жетінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.