Француз шаңғышысы Морис Манифика жарыста жеңімпаз атанды, норвег спортшысы Мартин Йонсруд Сундбю екінші орында, үшінші орында ресейлік Сергей Устюгов.
Қазақстандық Алексей Полторанин тоғызыншы болып мәре сызығын кесіп өтті, Сергей Малышев - 52-ші, Евгений Величко - 53-ші, Ринат Мухин - 66-шы орындарда.
Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Тоғызыншы кезең. Нове-Место-на-Мораве (Чехия)
Ерлер. Жеке жарыс. Еркін стиль. 15 км.
1. Морис Манифика (Франция) - 34:04.9
2. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 10.8
3. Сергей Устюгов (Ресей) - 13.0
9. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 48.8
52. Сергей Малышев (Қазақстан) - 2:54.3
53. Евгений Величко (Қазақстан) - 2:57.4
66. Ринат Мухин (Қазақстан) - 3:40.9.